Қала күніне орай «Атырауда жасалған» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараны Атырау қаласы әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізді. Көрменің негізгі мақсаты-жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, өңірлік өнімдерді кеңінен насихаттау және кәсіпкерлікті дамыту.