Биыл тарих ғылымдарының кандидаты, ЖОО доценті Қабидолла Досқалиевтің туғанына 90 жыл. Осыған орай Орталық қалалық кітапханада еске алу кеші ұйымдастырылды. Қабидолла Доскалиев — Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттеген алғашқы қазақстандық зерттеушілердің бірі ретінде танымал. Оның ғылыми мұрасы отандық тарих ғылымына маңызды үлес қосты.