2027 жылы жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгеріс енгізілуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында екі палаталы парламенттен бір палаталы жүйеге көшу туралы бастама жасады. Алайда бұл реформаны осы уақыт аралығында қоғамда, сарапшылар ортасында және қазіргі Парламентте талқылау керектігін айтты.