300-ге тарта жас Атырауда өткен «Sarayshyq upgrade - 2025» дәстүрлі халықаралық жастар форумында бас қосты. Екі күнге созылған шарада жастар «Кинемотография», «Музыка», «IT және жасанды интеллект», «Маркетинг» саласының кәсіби мамандарынан сабақ алды. Сонымен қатар, қатысушылар әзірлеген стартап жобаларын қорғады. Үздік танылған 6 жасқа 500 000 теңгеден ақшалай сыйақы табысталады.