Атыраудың отызға жуық іскер, табысты қыз-келінщектері мотивациялық кеште бас қосты. Шараға Атырау қаласы әкімдігі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мұрындық болды. Еркін форматта өткен жиында қоғамдағы әйелдердің рөлі, кәсіптегі жетістік айтылды.