Өңіріміздегі мұнай-газ, энергетика және қайта өңдеу кәсіпорындарының саны жылдан-жылға артып келеді. Сәйкесінше, қызмет барысында жұмысшылардың жазатайым жағдайға душар болу қаупі де жоғарылай түседі. Осыған байланысты өңірде кәсіпорындардағы қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету шаралары белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.