Бүгін - ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі. Осыдан 33 жыл бұрын дәл осы күні ішкі істер органдары туралы заң қабылданып, Қазақстан полициясы құрылды. Ал 2007 жылы осы күні Қазақстанда "Полиция күні" ретінде бекітілді. Содан бері үздіксіз тойланып келеді. Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, еселі еңбегімен көзге түскендер марапатталады.