"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында соңғы бес жылда 23 қамыс өрті тіркелген. Мамандар резерват тарихындағы биылғы өрт ең ұзаққа созылған деп болжам жасады. 1510 гектарды шарпыған қызыл жалын әлі бықсып жанып жатыр. Тілсіз жаумен күреске маңғыстаулық құтқарушыларда жұмылдырылған. Қазір әуе көліктерімен отты оқшаулау шаралары жүргізілуде.