Биыл қазақтың тұңғыш бард әншісі, ақын, композитор Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл. Алты ішектің арланы атанған оның әндері тыңдарманын еш уақытта жоғалтқан емес. Табылды Досымов бард жанрын қазақпен қауыштырған алғашқы тұлға. Сондай-ақ, гитараны жыраулық дәстүрмен ұштастырған толағай дарын иесі.