Ақжар ауылының тұрғындары бау-бақша өнімдерін егіп, тал-терегін жайқалта алмай отыр. Көшет пен көкөністерді суаратын тамшы су жоқ. Аулада-ақ өсіруге болатын дақылды базардан қыруар ақшаға сатып аламыз дейді наразы жұрт. Сол себепті, олар жазғы су құбырын жүргізіп беруді талап етіп отыр.