«Заң мен тәртіп»тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға АгенттіктіңТөрағасы Асхат Жұмағали, облыс әкімі Серік Шапкенов, қоғам өкілдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ірі квазимемлекеттік компанияларының басшылары қатысты.