Индер ауданында қарақұрт қаптады. Улы жәндік барлық округтің жайылымдық жерін жайлап алған. Былтыр 13 адам зардап шегіп, 40 шақты мал қырылған еді. Ахуал биыл да күрделі. Сондықтан шаруаларға малға бақылауды күшейтіп, ал тұрғындарға қарақұрт шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керегі ескертіліп жатыр.