Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Ол - «E-qyzmet» электронды порталы арқылы жүзеге асады. Яғни, мемлекеттік қызметке үміткерлер енді онлайн форматта өтініш беріп, қажетті кезеңдерден қашықтан өте алады. Бұл - процестің мейлінше ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.