Аймақта 17 мектептің құрылысы басталады. Осылайша, шенеуніктер үш ауысымды және апатты оқу ордаларының мәселесін шешпек. Бұл туралы "Аманат" партиясында өткен жиында салаға жауапты ведомства өкілі мәлімдеді. Сонымен бірге келелі кездесуде балалардың жазғы демалысы мен қауіпсіздігі де пысықталды. Жиыннан Асылан Мәлікұлы тарқатады.