4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы дәл осы күні Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілген. 2007 жылдан бастап бұл күн «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заң аясында жыл сайын тойланып келеді. Биыл егемендігіміздің нышанына айналған қасиетті символдарға 33 жыл толып отыр. Атаулы мереке күні облыста да салтанатты шара ұйымдастырылды.