Атыраулықтар 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнін кең көлемде атап өтті. Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрына ел тыныштығы мен бейбітшілігін күзетіп, ерекше көзге түскен полицейлер мен әскерилер жиналды. Шарада «Сарбаздар», «Жыламасын – жер ана», «Ұландар маршы» атты көптеген рухты әндер орындалды. Осылайша, мерекелік көңіл-күй ардагерлерден бастап, жас әскери қызметкерлерге дейін ұрпақтар сабақтастығын бір арнаға тоғыстырды.