Жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл арадгерлеріне құрмет көрсетілді. Аманат партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов Сара Мұсағалиева мен Аби Жүгінісовке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Сондай-ақ партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында азық-түлік себетін сыйлады.