Атырау облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңестің 30 мүшесі бар. Олардың 25 – і азаматтық қоғам өкілдері болса, ал 5 – і мемлекеттік орган өкілдері. Заңға сәйкес, кеңестің үш жылдық өкілеттігі бар. Ал бір адам екі реттен артық қоғамдық кеңеске мүше бола алмайды. Бұл талап кеңес құрамының жаңарып, түрлі сала өкілдерінің белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.