Атырау іргесіндегі Талдыкөл ауылының халқы өркениеттен жұрдаймыз деп отыр. Айтуларынша, ашық қалған тоқ желілері мен судың уақытпен берілуі халықтың ашуын туғызған. Тіпті несиеге алған бүкіл техника шетінен күйіп бітті, дейді көпшілік. Ал шенеуніктер бәрі заң аясында шешіледі деп үн қатты. Бұқара базынасын Жұлдыз Қайратқызы тыңдап келді.