Атырау облысында Кеңес Одағының Батыры, майдангер Мұса Баймұқановтың рухына жерлестері тағзым етті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және батырдың туғанына 115 жыл толуына орайластырылған. Мұса Баймұқанов 1915 жылы Мақат ауданына қарасты Сарыкөл деген жерде өмірге келді. Соғысқа дейін қалалық прокуратурда тергеуші болып қызмет атқарған. 1941 жылдың шілдесінде Отан қорғауға аттанып, 1945 жылдың наурызында Польша жерінде ерлікпен қаза тапқан.