Жеңістің 80 жылдығына орай Ретро саябақта суретшілер пленэрі өткізілді. Онда мүмкіндігі шектеулі балалар соғыс жылдардағы қиын қыстау кезеңдерді сурет арқылы бейнелеп, қағаз бетіне түсірді. Көзге оттай басылған әр картинада ұл-қыздар Отанға деген сүйіспеншілігі, махаббатарын білдірген. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар арқылы ерекше балалар қоғамға қалыптасып, сенімділікке ие болып, жаңа нәрселерді үйеренетінін айтады. Жеткіншектердің туындылары арнайы көрмеге қойылмақ.