"Мектеп сүрілсін!". Осылай деп талап қойған атыраулық тұрғындар қаңырап тұрған ғимараттың қайта бой көтеруін сұрайды. "Апатты оқу ордасының оңалар түрі жоқ",-деген олар балаларын жан-жаққа тасып, шаршаған. Ел сөзін естір құлақ бар ма? Әкімдік жылда айтатын жауап қашан жүзеге асады? Асылан Мәлікұлы жалғастырады.