Ерлік жайлы сөз ешқашан таусылмақ емес. Ерлік жайлы ән әрқашан асқақ. Жыр шумақтары халықтың жүрегіне жақын. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен «Отты жылдар әуендері» атты өнер фестивалінде ардагерлер осы рухты еске түсірді. Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 18 қария қатысты.