“Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылған форум бүгін қорытындыланды. Жиынның мақсаты – жастар арасында еңбек мамандықтарын насихаттап, тәжірибе мен білім алмасу. Форумға барлық аймақтан 200-ге жуық жұмысшы жас пен жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.