Елімізде жылына 600 әйел жатыр мойны ісігінен көз жұмады. Аталмыш дерт әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр. Бұл туралы адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жөніндегі конференцияда айтылды. Мамандар оның алдын алу үшін екпе алу керектігін ескертеді. Бірақ ол ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі.