Жыл басынан бері 360 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 500-ге жуық адам әр түрлі дене жарақаттарын алып, ал 3 адам көз жұмды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінде өткен жиныда Атырау қалалық пб патрульдік полиция батальонының командирі Дәурен Насиполла мәлімдеді. Одан бөлек іс-шарада жол ережелерін сақтау, қаладағы жол мәселелерін шешу тақырыптары қаузалды.Жиынға полиция қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен мердігер мекемелер және қоғам белсенділері қатысты.