Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай, өңірде тату-тәтті өмір сүруші өзге ұлт өкілдерін таныстыруды жалғастырамыз. Жер бетінде бір ұлт бар – оның әнін тыңдағанда, көңілің тербеліп, жаның ерекше бір күйге бөленеді, ал тарихын оқығанда – жүрегің от боп жанады…
Әуенінде – Шығыстың шымырлығы, Кавказ тауының өр рухы, Каспий толқынындай терең сыр бар. Бұл – әзірбайжан халқы. Тамыры мыңдаған жылдық өркениеттен нәр алған, отты жердің ұрпағы. Әлем картасындағы кішкентай ғана ел – бірақ ұлылығы ұлттың жүрегінде.