Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру маңызды қадам. Өйткені, бүгінде жат ағымның жетегіне кетіп, діни көзқарастарын өзгертетін жас буын көп. Бұл түптек келгенде үлкен проблемаға айналып отыр. Сондықтан, мектеп оқушылары мен сутденттер арасында діни ұғымды,ұстанымды дұрыс қалыптастыру керек.Бұл мәселені ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істер комитетінің арнайы жобасы аясында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақытгүл Шопанова Мақаттың жастармен кездесуінде көтерді.