Наурыз айында көшпенді қазақтың киіз басу сынды дәстүрлері қайта жаңғыра түседі. Бұрындары оюлы түскиіз бен киіз-сырмақтарды, қоржындарды, сандыққаптар мен әшекей бұйымдарды ата-бабамыз қыздың жасауына қосқан. Текеметін төсеніш ретінде қолданған. Осы үрдісті заман табалына сай насихаттап жүрген атыраулықтар да аз емес. Солардың бірі, қолөнерші-Қарлығаш Кабделова.