Қазақстандықтар жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн түрде ауыстыра алады. Дегенмен бұл қызмет тек мерзімі өткен құжаттарға арналған. ҚР Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесе мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету бойынша пилоттық жобаны әзірледі. Қызметтің онлайн режимге ауысса, қаншалықты ыңғайлы болмақ? Толығырақ бейнематериалда.