Алты ай жатқан қардың көбесі сөгіліп, көктем қылаң бергенде қазақ даласында «Көрісу - Амал» мерекесі басталады! Орталық алаңда ақшаң киіз үй тігіліп, қала халқы бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болады. Сонымен қатар, үлкендер жағы бата беріп, қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы мерекелік шара өткізіледі.