Наурыз мерекесіне қазақ халқы ертеден ерекше дайындалып, асыға күтетін болған. Себебі ол тазалық пен жаңарудың мейрамы. Осы кезде үйдің айналасы мен арықтар, жылғалар тазартылып, бұлақтардың көзі ашылады. Адамдар ең сәнді киімдерін киіп шығады. Әр үйде дәмге толы бай дастархан жайылған. Дәл осылай Ұлттық мейрамды атап өтуге ерте қамданатындардың бірі, Тасқала ауылындағы "Хиуаз" қоғамдық бірлестігі.