Атырау облысының кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мен талқылауға, қызмет сапасын арттыруға арналған кездесу өтті.

Оған "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитет төрағасының орынбасары Александр Соболев, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.