Қан майданда жаумен алысып, ұрпақ үшін, Отан үшін өз жандарын пида еткен ата-бабаларымыздың қанмен келген жеңісін бүгінгі ұрпақ бас ие отырып, еске алып мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға облыс, қала басшылары, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі, тыл еңбеккерлері, әскери бөлімшелер, Ауған, Тәжік, Чернобыль ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.