Темекіден төсемтас, күкірттен бетон. Студенттер осындай инновациялық жобаны көпшілікке таныстырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында білім алушылар 3 бірдей өнім ойлап тапқан. Соның ішінде, қоршаған ортаға зияны көп, әрі онкологиялық аурудың өршуіне әкелетін темекі қалдығына жайықтың топырағы мен шыны қосып, құрылыс материалын шығарыпты. Ал мұнайлы өңірде ас та төк күкірт қалдығынан бетонт жасаған. Сапасының беріктігін тексеріп, қолдайтындар болса жобаны бизнеске де айналдыруды көздейді студенттер.