Қазақстаннның басым бөлігінде қатты ыстық пен өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер тұрғындарды күн астында көп жүрмей, ыстықтан барынша қорғануға шақырып отыр. Себебі, соңғы күндері елде аптап ыстыққа шыдамай жүрегі қысылып, талып жатқан жандар көп екен. Дәрігерлер де жедел жәрдемге шақырту жиілегенін айтады.