Индер ауданы мен Махамбет ауданына қосымша Маңғыстаудан келген 10 техника жіберілді. Өйткені бұл аймақтар қарғын судың соққысын бірінші көреді. Сәйкесінше техника тапшы. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов индерліктердің жағдайын әуеден көріп келген соң мәлімдеді. Ал Атыраудағы жағдай министрліктің тікелей бақылауында. Қазір облыс бойынша бөгет биіктету жұмысына 18 мыңнан астам адам мен 900-ге жуық техника жұмылдырылған. Жайық жағалауының 61 пайызында бөгет қаланған. Енді Серік Төленбергенов Құлсары қаласының жағдайын көріп қайтуды жоспарлап отыр.