Тағы бір шенеунік пара алды. Сәйкесінше 3 млн теңге айыппұл арқалаған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. 87 мың теңгені қалтасына басқан парақор қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғасы екен. Айыппұл мөлшері пара сомасынан 35 есеге көп. Өз кезегінде бағынышты қызметкеріне ведомстволық бақылау жүргізбеген қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.