Өңірге іс-сапармен ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров келді. Алдымен мұнай және газ университеті стуенттерімен кездесті. 5 қарашада өтетін сайлау науқаны жұмыстарымен танысып, пікір алмасты. Түсіндірме жұмыстан кейін үлкен экранға арнайы кюар код пайда болды. Студенттер код арқылы 7 сауалға жауап берді. Онда электорнды платформада дауыс беру, президент және мәслихат пен мәжіліс депуттары сайлауы жөнінде ашық сұрақтар берілді. Қатысушылар толық сауалдан өткеннен кейін жауаптар қорытындыланып, ортақ пікірге салынды. Айта кетейік, 5 қарашада республика көлемінде 3 қала және 45 аудан әкімдері қайта сайланады. Осыған орай Нұрлан Әбдіров іс-сапар барысында Исатай және Қызлқоға ауданына барып, сайлаушылардың дайындығын тексеріп, олардың сауалдарына жауап беріп, ауыл тұрғындарымен және жастармен кездеспек.