Қытайда өткен 19 жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары Абиба Абужақынова мен Эсмигүл Куюлова елге оралды. Жерлестеріміз байрақты бәсекеде 1 күміс, 1 қола медальды еншілеп ел мерейін үстем етті. Атырау әуежайынан оларды жанкүйерлері мен туыстары сән-салтанатпен күтіп алды.