Өңірде бүкіләлемдік саңыраулар күні тойланды. Мерекеге орай «Светоч-Атырау» славян ЭМБ ұйымдастыруымен «Менің әлемім» атты кеш өтті. Аталмыш іс-шарада ерекше жандарға арналған қойылымдар қойылып, әсем ән шырқалып, қыздар мың бұрала биледі. Жалпы өңірде сөйлеу және есту қабілеті бұзылған 600-ден астам жан тіркелген. Олар «Саңыраулар қоғамының» Атырау облыстық филиалы қолдауымен түрлі мәдени және спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Филиал төрағасы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп, қоғамның олармен бірге екенін дәлелдеуге әркез дайынбыз дейді.