Жемқорлық фактілерінің жиі кездесетін саласының бірі жол құрылысы саласы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы жолдауында еліміздегі жол сапасымен саладағы жиі орын алатын жемқорлықты атаған болатын. Жолдауда жүктелген міндеттер мен атқаратын жұмыстарды талқылау үшін Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы «Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау облыстық филиалында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірлескен семинары өтті. Мақсат - саладағы кездесетін сыбайластықтың жолын кесумен оған жол беретін тәуекелдерді болдырмау. Өткен 9 айдағы жұмысын қорытындылаған кәсіпорын жемқорлық фактілерімен жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Алайда сыбайластық қылмыстарға бейім келетін тұлғалар мен мердігер мекемелерді анықтауда аталған кәсіпорын мүлдем төзбеушілік принципін ұстанып, Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен тығыз қызмет атқарып келеді. Жиында сонымен қатар облыстағы жол құрылыс жұмыстарына талдау жүргізіліп, кешенді жұмыс жоспарына сәйкес ұсыныс-пікірлер тыңдалды.