Аманат партиясында президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында талқылау отырысы өтті. Жиында студенттерді жатақханаға орналастыру жайы айтылды. Статистика бойынша облыста барлығы 28 оқу орыны бар, онда 29 069 студент білім алуда, және бас аяғы өңір бойынша 23 жатақхана бар. Биыл 2418 студент орналастырылған. Ал орын қажеттілігі 1373 орынды құрап отыр. Ал жоғары оқу орындарында былтырғы оқу жылында 3 жоғары оқу орнында 10 952 студент білім алды. Студенттердің 1505-і күні бүгінде 6-жатақханада орынмен қамтамасыз етілген.