Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдеріне біріңғай есеп беру жиыны өтті. Кәсіпкерлер бизнестерінде қиындық тудырып жатқан мәселелерді ашық айтты. Олардың ішінде субсидия алу, жер телімін бөлу, электр жарығы тарифінің бағасын түсіру, балықшаруашылығын дамыту үшін бағдарлама енгізу, жылыжайлар санын арттыру, инфрақұрылым мәселелері бар. Жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Жұмаситов өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен 2022 жылы бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша рейтинг қорытындысына сәйкес 17 аймақ арасында Атырау облысы статистикалық және сауалнамалық көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша 6 орынды иеленді.