Бүгін Бүгін М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында облыстық «Atyray’» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейлі мерекесіне арналған «Қалам ұшындағы ғасыр» атты салтанатты кеші өтті. 1923 жылы жарық көрген газеттің алғашқы атауы Ерік деп аталды. Одан кейін «Жұмыскер тілі, «Жем жұмысшылары» , «Ленин жолы» , «Социалистік құрылыс», «Социалды құрылыс» , «Коммунистік еңбек» боп өзгерген. 1990 жылдың 30 маусымынан бастап газет «Атырау» деп аталған. Аптасына екі рет басылатын газет бүгінде 5 мыңнан астам тиражбен тарайды.