Өңірде былғары қолғап шеберлері бақ сынауда. Кіл мықтыдан шын мықтыны анықтайтын бокс бәсекесінде Түркіменстан, Ресей, Белоруссия елдерінің үміткерлері бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келгендер де аз емес. Мәселен, Ақтөбе, БҚО, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан жасөспірім спортшылар да теке тіресуде. Жас спортшылардың шырағын жағатын мұндай байрақты бәсекелер өңірде жиі өткізіліп тұрады. Сәйкесінше бұл бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир. Аталмыш жарыс 4 күнге созылған. 30-шы қыркүйек күні жеңімпаздар марапатталады.