25-29 қыркүйек аралығында еліміздің мектептерінде табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың, терроризмнің, өрттің алдын алу және олардан қорғану мақсатында оқу-жаттығулары өтуде. Кезекті шара жалпы білім беретін Жұмекен НәжІмеденов атындағы №2 ші мектепте өтті. Жаттығуға мектептің 1 ауысымда білім алатын оқушылар мен ұстаздар және техқызметкерлер қатысты. Білім қабырғасында өрт дабылы қағылған сәтте білім ордасының апатық есіктерінен іштегілер сырқа шығарылып, толық эвакуацияланды. Мектеп күзеті оқиғаны хабарлау мақсатында жедел әрекет ету қызметі батырмасын басты. Нәтижесінде оқиға орнына алғашқылардың бірі болып күзет қызметі қызметкерлері келді. Кейін патрульдік полиция қызметкерлері келіп, оқиғамен танысып, мектеп жолдарындағы көлік қозғалысына бөгет қойып, тиісті жұмыстарды атқарды. Мектеп директоры, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.