Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ ұлттың ең қымбат байлығы екені белгілі. Балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар өнер үйреніп, спортпен шұғылданып жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау мемлекеттің басты парызы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спорт мәселесіне айрықша назар аударған болатын.