Облыстық сыбайлас жемқорлық басшысы журналистермен кездесіп брифинг өткізді. Брифингте Агенттік жемқорлықтың алдын алуға да ерекше көңіл бөлініп жатқаны айтылды. Бұл ретте, Агенттік тарапынан еліміздегі әр аймақтың ерекшелігі ескеріліп, олардың өңірлік проблемаларына терең бойлай отырып, әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленген болатын. Картаға экология, жолдар мен инфрақұрылым, олигополия, денсалық сақтау саласы мен кәсіпкерлерді қорғау мәселелері енгізілген. Ағымдағы жылы департаментпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы аясында медицина және олигополия саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2 мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша 22 ұсыныс енгізіліп, оның ішінде 10 ұсыныс орындалды. Және биылғы жемқорлық статистикасын толық айтты.