№ 18 «Балдырған» бөбекжай-бақшасында «Еңбек етсең арта бермек мәртебең» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Жиында еңбек майталмандары көп жылғы тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға сәттілік тіледі. Шараға балабақша қызметкерлері мен бүлдіршіндер қатысып, мерекелік жиын әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты.